ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

    ·
    ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

    Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала аумағындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
    Алдымен қала басшысы Бүргем-2 елді мекеніндегі ауыз су және кәріз жүйесінің құрылыс алаңына барды. Қазіргі таңда нысанда 6,6 шақырым ауыз су құбыры тартылып, 94 құдықша орнатылған. Сонымен қатар, 3,8 шақырым кәріз құбыры жүргізіліп, 160 құдықша қойылған. Бір кәріз сорғы станциясының құрылысы жалғасуда. Жоба аясында аталған аумақты электрмен қамту және құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жолдарды қалпына келтіру, асфальт төсеу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
    Нысанды аралау барысында қала әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және белгіленген мерзімнің орындалуына ерекше назар аударып, жауапты сала басшылары мен мердігер ұйымдарға жұмысты қарқынды әрі талапқа сай жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
    Одан кейін қала әкімі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын көрді. Бүгінде бірқатар тұрғын үй аулаларында балалар ойын алаңшаларының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы абаттандыру жобасы аясында қала бойынша 33 аулаға заманауи балалар ойын алаңшаларын орнату, аула аумақтарын ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру көзделген.
    Жұмыс барысында анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге оларды қысқа мерзімде жою жөнінде нақты міндеттер жүктелді. Қала әкімі барлық құрылыс және абаттандыру жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары