Қарағанды облысының прокуроры Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен келді

    Қарағанды облысының прокуроры Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен келді

    Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен келген Қарағанды облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиев аудан активімен кездесті.

    Жиынды Қарқаралы ауданының әкімі Саят Мусин ашып, жүргізді.

    Кездесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және өзге де өзекті мәселелер қаралды.

    Іс-шараға ауданның құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, ауылдық округ әкімдері және аудан активі қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары