Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы елімізде кең қолдау тауып келеді. Бұл бастама қоршаған ортаның тазалығын сақтаумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Аталған игі іске Қызылорда қаласындағы №37 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар да белсенді атсалысты. Олар өз еріктерімен мекеме маңындағы көшелерді қоқыстан тазартып, аумақты абаттандыру жұмыстарына қатысты. – "Таза Қазақстан" акциясына қатысу арқылы туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесімізді қосуды азаматтық парызымыз деп санаймыз. Қаланың тазалығы әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Барша тұрғындарды осы игі бастамаға белсенді қатысуға шақырамыз, – деді сотталған азамат. Жасақ бастығы Айғара Сұлтанның айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталғандардың қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарасын қалыптастырып, олардың қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді. – "Таза Қазақстан" акциясы аясында ұйымдастырылатын тазалық жұмыстары сотталғандарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға да оң әсер етеді. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады, – деді Айғара Сұлтан.
Қызылордада жазасын өтеушілер "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосты
Ұқсас материалдар

Халықаралық форумның қатысушылары Павлодарда Ертіс өзенінің дамуымен танысты
Павлодар облысының әкімдігіАшу
ТҮРКІСТАНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ШЕБЕРДІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысының әкімдігіАшу
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшуБЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады
Жезқазған қаласының әкімдігіАшу
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МКД-ДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
"Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар музейге экскурсия жасады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылорда облысында есептегі азаматтар ұлттық ойыннан бақ сынады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылордада жазасын өтеушілер жақындарымен жүздесті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар жасанды интеллект курсын меңгерді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшуҚызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жоспардан тыс аттестаттау өткізу туралы хабарландыру
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу