Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жоспардан тыс аттестаттау өткізу туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 26 наурыздағы №218 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу жүргізіледі.

    Аттестаттаудың мақсаты:

    Жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсынуға арналған кадрлық жоспарлауды қамтамасыз ету.

    2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес, Департамент бастығының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын, сондай-ақ жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесіне:

    • 1-қосымшаға сәйкес баянат;
    • «1С» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізімді

    ұсынуы қажет.

    Келесі санаттағы қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:

    1. Басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндер (ІІМ-нің 2025 жылғы 30шілдедегі №124 бұйрығы);
    2. Қолданыстағы тәртіптік жазасы барлар;
    3. Қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан тұлғалар.

    Қосымша ақпарат алу үшін

    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесіне хабарласуға болады:

    📞 Телефондар:
    8 (7242) 21-48-29
    8 (700) 340-96-11

    📧 Электрондық пошта: [email protected]

    Ескерту: Жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

    Қызылорда облысы бойынша

    қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің

    жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары