«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Баянды ауылының әкімі, қоғамдық кеңес мүшелері және учаскелік полиция қызметкерлері бірлесіп ауыл аумағына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

    Мониторинг барысында абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері анықталып, тиісті заң талаптарына сәйкес бірнеше ауыл тұрғындарына әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
    Ауыл тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, абаттандыру және санитарлық тазалық талаптарын қатаң ұстануға шақырамыз. Таза ауыл – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі.

    ⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Баянды ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары