БҚО-да ауылдардың 92 пайызы интернетпен қамтылған

    БҚО-да ауылдардың 92 пайызы интернетпен қамтылған

    Батыс Қазақстан облысында байланыс және мобильді интернет сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда өңірдегі 405 ауылдық елді мекеннің 372-сі (92%) интернетпен, ал 376-сы (93%) ұялы байланыспен қамтылған. Өңірдегі байланыс инфрақұрылымын дамыту және интернет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҚО Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрғиса Мәлікұлы Қамашев баяндады.

    – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықты сапалы байланыс және интернетпен қамтамасыз ету – негізгі міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Нәтижесінде өңірдегі интернетпен қамту көрсеткіші жыл сайын артып, шалғай ауылдарды да заманауи байланыс желісімен қамтуға басымдық берілуде, – деді басқарма басшысы.

    2025 жылы байланыс операторлары 21 ауыл мен екі автомобиль өткізу пунктіне жаңа базалық станция орнатып, 202 ауылдағы қолданыстағы станцияларды жаңартты. Биыл Орал және Ақсай қалаларында, сондай-ақ 10 ауылда жаңа базалық станциялар салу және сегіз ауылдағы желіні жаңғырту жоспарланған.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы" жаңалықтары