Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына бару туралы

    Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына бару туралы

    Отбасын қолдау орталығының мамандары қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен бірлесіп, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасының тұрғылықты жеріне барды.

    Бару барысында баланың заңды өкілімен әңгімелесу жүргізіліп, отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы зерделенді, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік қызметтер мен консультациялық көмек алу тәртібі түсіндірілді.

    Отбасын қолдау орталығы аталған отбасын әлеуметтік сүйемелдеуді жалғастырады. Қажет болған жағдайда құзыретті ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдем көрсетілетін болады.

    Ұқсас материалдар

    "«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары