Талдықорған қаласының прокуратурасы прокурорлық қадағалау актісі негізінде денсаулық жағдайына байланысты көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтардың жүргізуші куәліктерінің қолданысын тоқтату арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жұмыс ұйымдастырды.
Атап айтқанда, диспансерлік есепте тұрған, эпилепсиямен, психикалық бұзылыстармен, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстармен ауыратын, көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін тұлғалар туралы болып отыр.
Жүргізілген талдау нәтижесінде медициналық қарсы көрсетілімдері бола тұра көлік құралдарын басқаруды жалғастырып жүрген 58 азамат анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында прокуратура тарапынан сотқа көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату және жүргізуші куәліктерін жарамсыз деп тану туралы талап арыздар жолданды.
Бүгінгі таңда соттар 28 талап арызды қанағаттандырды. Қалған 30 азаматқа қатысты материалдар сот қарауында.
Жетісу облысының прокуратурасы қабылданып жатқан шаралар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталғанын атап өтеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Жетісу облысында медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтардың көлік құралын басқару құқығын тоқтату бойынша жұмыстар жүргізілуде
Ұқсас материалдар

Дзюдошы Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
Алатау ауданында есірткі қылмысының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді
Алатау ауданы әкімінің аппаратыАшу
АИЧИ-НАГОЯДА ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
ҚР ТСМАшу
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар 1-ден 1 слайд. Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
Ашу
Ақтөбеде ХХ жазғы Азия ойындарындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
"Жетісу облысының прокуратурасы" жаңалықтары
Жетісу облысының прокуратурасы мен «Әділет» партиясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Жетісу облысының прокуратурасыАшуЖетісу облысында 300 азамат тұрақты жұмысқа орналасты
Жетісу облысының прокуратурасыАшуЖетісу прокуратурасы 6 мыңнан астам тұтынушы мен 273 кәсіпкердің құқықтарын қорғады
Жетісу облысының прокуратурасыАшуЖетісу облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған адамдардың қызметі тоқтатылды
Жетісу облысының прокуратурасыАшуЖетісу облысында білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтары қорғалды
Жетісу облысының прокуратурасыАшу