Риддерде Металлургтер күнін мерекелеу өтті.

    Қаламыздың тууы, дамуы мен гүлденуі полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеумен, сондай-ақ еңбек адамдарының есімімен тығыз байланысты. Бұл мамандық терең білімді ғана емес, сонымен бірге болаттай берік мінезді, төзімділікті және өз ісіне деген шынайы адалдықты талап етеді. Металлургтердің еңбегі — бұл рухы мықты жандардың жұмысы.

    Салтанатты шара қала тұрғындары мен қонақтарының басын қосты: жарқын концерттік бағдарлама мен жылы лебіздер жұртшылыққа шынайы бірлік пен тұтастық атмосферасын сыйлады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Риддерский городской маслихат" жаңалықтары