Қазіргі таңда елімізде халықтың 44,5%-ы дене шынықтырумен айналысады. Балалар мен жасөспірімдердің 34,6%-ы тұрақты түрде спортпен шұғылданады. 4 пен 17 жас аралығындағы 228 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секциясына тегін қатысады. Осы мақсатқа жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі арқылы 50 млрд теңге бағытталған. Бұдан бөлек, 526 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 400 мың жас спортшы жаттығады.
Президент тапсырмасы бойынша жаттықтырушылық қызмет, спорттық медицина, спорттық аналитика және менеджмент салалары үшін мамандар даярлайтын Қазақ ұлттық спорт университеті жұмысын бастады. Еліміз бойынша 26,5 мың спорт нысаны жұмыс істейді. Биылдың өзінде 34 жаңа нысан пайдалануға берілді, оның 21-і ауылдық жерлерде орналасқан. Жыл соңына дейін тағы 87 нысанның құрылысы аяқталады.
Бұқаралық спорт халықаралық аренадағы жоғары жетістіктердің берік негізін қалыптастыруда. XXV Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан тарихи алғашқы алтын медальді жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 19-орынға ие болды. XIV Қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы паралимпиадалық спорт түрлері – биатлон мен шаңғы жарысынан алтын және қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сынында жеңіске жетті, стенд атудан Әлем кубогында әлемдік рекорд қайталанды, ал қазақстандық шахматшы Norway Chess Women 2026 беделді супертурнирінің жеңімпазы атанды. Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар 11 әлем чемпионаты мен 26 Азия чемпионатында барлығы 152 медаль жеңіп алды: 99 алтын, 33 күміс және 20 қола медаль. Сонымен қатар Қазақстан семсерлесу, стенд ату және бочча спорт түрлерінен Әлем кубоктарын, IBSA JUDO GRAND PRIX ASTANA халықаралық турнирін және дзюдодан Grand Slam кезеңдерін жоғары деңгейде өткізді.
Спорт: бұқаралық қамту, Спорт академиясы және әлемдік аренадағы жеңістер
Ұқсас материалдар

Мешіт имамдарын қызметке тағайындау, қызметінен босату немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту қай органның құзыретіне жатады?
Маңғыстау облысының дін істері басқармасыАшу
Астанада KazHackStan 2026 киберқауіпсіздік конференциясы басталды
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіАшу
Мүлік салығы
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Маңғыстау облысының дін істері басқармасықызметіне жиі қойылатын сұрақтар
Маңғыстау облысының дін істері басқармасыАшу
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге тұрақты тұруға шығуы кезіндегі зейнетақымен қамсыздандырылуы
ЕӘҚК Алматы қаласы бойынша департаментіАшу
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" жаңалықтары

СТЕНД АТУ: ОТАНДАСТАРЫМЫЗ ТРАП САЙЫСЫНДА АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
ҚР ТСМАшу
АДЕЛИНА ЗЕМС ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
ҚР ТСМАшуМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады
ҚР ТСМАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
ҚР ТСМАшу
КУРАШ: ӘДІЛЕТ АХМЕТҒАЛИ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
ҚР ТСМАшу