Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу бойынша

    ·
    Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу бойынша

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 5-тарауының 33-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар тексеріп қарау жүргізбей бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны мынадай жағдайларда қайта ресімдеуге құқылы:
    1) Құжаттағы қателерді анықтау;
    2) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 45-бабында көзделген заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру;
    3) объектінің орналасқан жерінің мекенжайын физикалық ауыстырмай өзгерту;
    4) көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын өзгерту;
    5) объектінің нысаналы мақсатын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, технологиялық процессін, қуаттылығын өзгертпей және объектіге құрылымдық өзгерістер енгізілмеген, басқа тұлға қолданыстағы объектіге меншік құқығын алған жағдайда.
    Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.elicense.kz порталы арқылы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған тиісті өзгерістер туралы растайтын құжаттармен бірге осы қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтініш жібереді.
    Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімдерде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
    Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары