
2026 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов пен Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы А. Исабекова азаматты бірлескен жеке қабылдау өткізді.
🔷 Қабылдауға Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары М. Мұхтаров, жеке сот орындаушылары, АХАЖ органының өкілі және арызданушы қатысты.
🔷Кездесу барысында азаматтың өтінішінде көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, әрбір тараптың ұстанымы тыңдалды. Қолданыстағы заңнама талаптары аясында мәселені шешудің құқықтық тетіктері қарастырылып, азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қатысты мәселелер назарға алынды.





