Жасанды интеллект кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік қызметті түсіндіреді

    ·
    Жасанды интеллект кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік қызметті түсіндіреді

    Түркістан облысы ТЖД әзірлеген бейнероликте өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік қорытындысын алу тәртібі қарапайым әрі көрнекі түрде түсіндірілген.

    Жасанды интеллекттің көмегімен әзірленген бейнероликте адамдар жаппай болатын және биіктігі 28 метрден асатын объектілерді қабылдау және пайдалануға беру алдында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жан-жақты түсіндірілген. Бейнероликте мемлекеттік қызметке өтініш беру кезеңдері, қажетті рәсімдер мен құжаттарды рәсімдеу тәртібі көрнекі әрі түсінікті түрде көрсетілген. Бұл кәсіпкерлерге қызмет алу процесін оңай меңгеруге және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттық материал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, облыс, қала және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерінде жарияланған. Соның нәтижесінде кәсіпкерлер мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы өзекті ақпаратпен танысып, қажетті мәліметтерді қолжетімді форматта ала алады. Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған цифрлық және ақпараттық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары