Жоспардан тыс аттестаттаудан өту туралы хабарландыру

    ·
    Жоспардан тыс аттестаттаудан өту туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы №218 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттау өткізіледі.

    Аттестаттаудың мақсаты

    Жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну үшін кадрлық резервті қалыптастыру және кадрлық жоспарлауды қамтамасыз ету.

    Құжаттарды қабылдау

    ҚР ІІМ-нің 2025 жылғы 26 наурыздағы №218 бұйрығына сәйкес Департамент бастығының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын, сондай-ақ жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс бөлімшесіне төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:

    • 1-қосымшаға сәйкес баянат;
    • «1С» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім.

    Жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді

    • басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қызметкерлер (ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығына сәйкес);
    • қолданыстағы тәртіптік жазасы бар қызметкерлер;
    • қызметтік тергеп-тексеру немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.

    Біліктілік талаптары

    1. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бөлім бастығы (C-SVO-4)

    • қызмет бағытына сәйкес жоғары білім;
    • құқық қорғау қызметінде кемінде 6 жыл еңбек өтілі;
    • осы санаттағы нақты лауазымның бейіндік бағыты бойынша кемінде 2 жыл еңбек өтілі;
    • штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-7, C-AGP-8, C-KSGP-5, C-KAGP-5, C-VP-5, C-TP-7, C-OGP-7, C-OKSGP-5, B-FM-6, B-FMO-5, C-SV-8, C-SVO-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-4, C-SSP-3, C-SGU-8 санаттарынан төмен емес лауазымдарда кемінде 2 жыл қызмет өтілі.

    2. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бөлімшесінің бастығы (C-SVO-6)

    • қызмет бағытына сәйкес жоғары білім;
    • құқық қорғау қызметінде кемінде 4 жыл еңбек өтілі.

    3. Аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы (C-SVR-4)

    • қызмет бағытына сәйкес жоғары білім;
    • құқық қорғау қызметінде кемінде 4 жыл еңбек өтілі.

    4. Аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы (C-SVR-5)

    • қызмет бағытына сәйкес жоғары білім;
    • құқық қорғау қызметінде немесе арнаулы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте не судья лауазымында кемінде 3 жыл қызмет өтілі.

    5. ҚАЖ департаменті мекемелеріндегі бөлім бастығы (C-SGU-8)

    • қызмет бағытына сәйкес жоғары білім;
    • құқық қорғау қызметінде кемінде 4 жыл еңбек өтілі.

    Қосымша ақпарат

    Құжаттарды қабылдау және жоспардан тыс аттестаттау бойынша қосымша ақпарат алу үшін Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс бөлімшесіне хабарласуға болады.

    Телефон: 8 (7242) 54-46-26

    Электрондық пошта: [email protected]

    Ескерту: Жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

    Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құраммен жұмыс бөлімшесі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары