Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    ·
    Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    2026 жылғы 17 шілде күні сағат 11:00-де Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

    Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, инфрақұрылымдық жобалардың орындалуы және аудан тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер талқыланады. Сонымен қатар, тұрғындар облыс әкіміне өз ұсыныс-пікірлерін айтып, көкейлеріндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алады.

    Кездесу Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің үлкен залында өтеді.

    Өтетін күні: 17 шілде 2026 жыл
    Уақыты: 11:00
    Өтетін орны: Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің үлкен залы.

    Барша аудан тұрғындарын кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары