Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Целиноград ауданының ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы (Ақжар, Жанаесіл, Жарлыкөл, Қабанбай батыр, Қараөткел, Родина, Тасты).
Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
- «Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 180/25-6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар: (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай –[email protected]
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева




