Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының ауданның учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарламасы

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық Заң) 19-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына және Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 79/85 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты келесі сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарлайды:

    Учаскелік сайлау комиссиялары: № 646 – 1, № 675 – 1, № 768 – 1.

    Сайлау комиссияларының құрамында барлығы 3 (үш) бос орын бар.

    Осыған байланысты, саяси партиялардан немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерден және Қазақстан Республикасының қалыптастырыушы сайлау комиссияларына қатысты жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныстар Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 мекенжайы бойынша 2026 жылғы 24 қыркүйектен бастап 09 қазанға дейін дейін (қоса алғанда) қабылданады.

    Жауапты тұлға – Адильбекова Кымбат Шадаевна, № 401 кабинет, қызметтік телефон нөмірі 30-165, электронды пошта мекен-жайы - [email protected]

    Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы партияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 24 қыркүйектен 09 қазанға дейін (қоса алғанда) мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

    2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі);

    4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

    Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, Орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 09 қазанға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

    Целиноград аудандық мәслихаты

    Ұсынымдарға 5.1-қосымша

    Нысан

    _____________________________________________________

    (мәслихаттың толық атауы)

    төрағасына

    _________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    _______________________________________________тұратын

    (облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,

    _________________________________________________________

    аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

    ______________________________________________________

    (ұялы телефондардың нөмірлері)

    Өтініш

    Мен,__________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    ______________________________________________________________________(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылғанҚазақстан Республикасының азаматы, учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін. Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________

    ( иә, ___ жыл/ жоқ)

    Өтелмеген немесе алып тасталмағансотталғандығым жоқ.

    Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

    Мен Парламент, мәслихатдепутаты, әкім,өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарыныңсудьясы емеспін.

    Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәнінесауалдар жіберу үшінменің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

    2026 жылғы «____»____________ _________________________

    (өтініш берушінің қолы)

    Өмірбаяндық деректер:

    Туған күні 19 _____ жылғы «____» _______________

    Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_____________________________________________________

    Ұлты * _______________________________

    Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________

    Білімі _____________________________________________________________________________

    Мамандығы _________________________________________________________________________

    Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

    Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

    Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

    (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

    Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.

    Ескертпе:

    *Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

    ** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Өтінішке қосымша

    Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    р/б

    Жақын туысқандарыныңтегі, аты, әкесінің аты

    (болған кезде)

    ескертпе

    1.

    әкесі

    2.

    анасы

    3.

    ұлы

    4.

    қызы

    5.

    ағасы

    6.

    әпкесі

    7.

    атасы

    8.

    әжесі

    9.

    немересі

    10.

    жұбайы (зайыбы)

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары