Қостанай облысында құқық қорғау органдарының профилактикалық есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған «ЖұмысTime»: «Жұмысқа орналасу – дәл қазір және осы жерде» атты облыстық іс-шара өтеді

    ·

    2026 жылғы 16 шілде күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Қостанай қаласындағы қалалық балалар шығармашылығы мектебінің ғимаратында (Пионерлер сарайы, Алтынсарин көшесі, 109) прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әділет органдары, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, өңірдің жұмыс берушілері мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «ЖұмысTime» атты облыстық іс-шара өтеді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдарының профилактикалық есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, олардың әлеуметтік бейімделуі мен қайта әлеуметтенуіне қолдау көрсету.

    Осындай іс-шаралар аумақтық прокуратуралардың үйлестіруімен облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтеді.

    Облыс орталығындағы іс-шараның өтетін орны: Қостанай қаласы, Қалалық балалар шығармашылығы мектебі (Пионерлер сарайы), Алтынсарин көшесі, 109.

    Анықтама телефондары: 8 (7142) 54-57-76 (кезекші прокурор), 8-777-200-88-99.

    Қостанай облысының прокуратурасы

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары