Қостанай облысының прокуратурасы салынып жатқан тұрғын үй объектілерінің жарнамасын «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң талаптарын бұза отырып орналастыру фактілерін анықтады.
Жекелеген құрылыс салушылар салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сату туралы ақпаратты мұндай жарнаманың мазмұнына заңмен белгіленген талаптарды сақтамай таратқаны анықталды.
Атап айтқанда, заңнамада құрылыс салушы, уәкілетті компания және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беретін құжаттар туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсету көзделген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде белгіленген талаптарды бұзғаны үшін салынып жатқан 6 объект бойынша 3 құрылыс компаниясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабының 2-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, жалпы сомасы 9,7 млн теңге айыппұл салынды.
Үлестік құрылыс саласында заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасуда.
Облыс прокуратурасы азаматтарғасалынып жатқан тұрғын үйлерден баспанасатып алмас бұрын,құрылыс салушыда үлескерлердіңқаражатынтартуға заңменкөзделген рұқсат құжаттарының бар-жоғынwww.homeportal.kz сайты арқылытексеру қажеттігінекертеді.
Құрылыс салушылар жарнаманы орналастыру кезінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманың талаптарын қатаң сақтауы қажет.
Белгіленген талаптарды бұзу заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қостанай облысының прокуратурас






