Профилактикалық бақылау: 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы есеп

    ·

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу орта білім берудің 7 ұйымында жоспарланған болатын.

    Бес мектепте (Қарағанды қ.: «№100 КМ» КММ; Бұқар Жырау ауданы: «Бұқар жырау НОМ» КММ; Осакаров ауданы: «Жамбыл атындағы ЖББМ» КММ; Нұра ауданы: «Құланөтпес НОМ» КММ; Шет ауданы: «Босаға ЖББМ» КММ) бұзушылықтар анықталып, тексеру нәтижелері бойынша жою туралы нұсқамалар берілді.

    Профилактикалық бақылау барысында анықталған негізгі бұзушылықтар:

    • тиісті бейін бойынша арнайы педагогикалық білімі жоқ тұлғалардың педагогикалық қызметпен айналысуына жол берілген;
    • кадрлардың сапалық құрамы Біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
    • оқу кабинеттерінің жабдықталуы ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген жарақтандыру нормаларына сәйкес келмейді;
    • біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтпеу.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары