Кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтерді өзгерту.

    ·
    Кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтерді өзгерту.

    🔰 Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі.

    📝 Декларанттың өтініші бойынша

    📄 Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер кеден органының рұқсатымен өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.
    ⚠️ Бұл келесі жағдайларда ғана мүмкін:
    🔹 кеден органы 📑 құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратпаған болса;
    🔹 🛃 кедендік жете тексерудің орны мен уақыты туралы хабарлама берілмеген болса;
    🔹 👀 кедендік қарап-тексеру жүргізу туралы шешім қабылданбаған болса;
    🔹 🧪 кедендік сараптама тағайындалмаған болса.
    ✅ Мұндай өзгерістер тауарлар шығарылғанға дейін енгізіледі.

    📌 Ерекше жағдайлар

    ✍️ Егер өзгерістер: 📍 декларацияланатын тауарлардың орналасқан жері туралы мәліметтерді нақтылауға;
    📝 қате жазылған сөздерді немесе грамматикалық қателерді түзетуге байланысты болса және 📦 тауарларды шығаруға әсер етпесе,
    онда кеден органының рұқсатымен мұндай өзгерістерге де жол беріледі.

    🚫 Маңызды!

    📦 Тіркелген кедендік декларацияға енгізілетін өзгерістер басқа тауарлар туралы мәліметтерді енгізуге әкелмеуі тиіс.

    ⚖️ Ескеріңіз

    📚 Кедендік декларациядағы мәліметтерді және қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық нұсқасындағы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) тәртібін тауарлар шығарылғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайды.

    #салықтар#налоги#қарағанды

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары