Қазақстанда сары май мен күнбағыс майы өндірісінің көлемі артты 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май мен күнбағыс майы өндірісінің тұрақты өсімі байқалды

    Қазақстанда сары май мен күнбағыс майы өндірісінің көлемі артты

    2026 жылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май мен күнбағыс майы өндірісінің тұрақты өсімі байқалды. Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң динамика көрсетті: өнімнің екі санаты бойынша экспорт көлемі ұлғайып, бұл отандық қайта өңдеу өнеркәсібінің әлеуетінің артып келе жатқанын айғақтайды.

    Есепті кезеңде республикада майлылығы 85% аспайтын 13,8 мың тонна сары май өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4% артық.

    Сары май экспорты 40,4% өсті. 2026 жылғы қаңтар- сәуір аралығында шетелге 394,1 тонна өнім экспортталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі 280,7 тоннамен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

    Негізгі экспорттық нарықтар - Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Беларусь.

    Сары май импорты 2 242,2 тоннаны құрады. Ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі 13,9% болды.

    Негізгі жеткізушілер – Беларусь пен Иран.

    Төрт айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 15,7 мың тонна сары май өткізілді.

    Күнбағыс майы өндірісінде де оң өсім сақталуда .

    2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында отандық кәсіпорындар 335,5 мың тонна тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майын өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіме

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақой ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары