10 шілде күні Шет ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «LegalExpert.kz» платформасының таныстырылымына арналған семинар өтті

    10 шілде күні Шет ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «LegalExpert.kz» платформасының таныстырылымына арналған семинар өтті

    Іс-шара барысында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің өкілдері «Жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы тұрғындарының сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері» тақырыбындағы жобаны таныстырды.

    Семинарға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі, мәдениет саласының қызметкерлері және өзге де мекеме өкілдері қатысып, жобаның мүмкіндіктері мен құқықтық кеңес берудегі заманауи цифрлық шешімдер жан-жақты талқыланды.

    Осындай кездесулер құқықтық сауаттылықты арттыруға және цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары