"Ашық есік күні" акциясы ұйымдастырылды

    ·
    "Ашық есік күні" акциясы ұйымдастырылды

    Ашық есік күні өткізілді
    Орал қалалық арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталығында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

    Іс-шара барысында мекеме тұрғындарына Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидаттары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық кеңестер берілді.

    Акцияға Батыс Қазақстан облысы департаменттің бас маманы Г. Айбек, мемлекеттік сот орындаушысы А. Анесов, сондай-ақ заң консультанттары Д. Ишанбергенов және А. Мурзагалиев қатысты.

    Қатысушылар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, әлеуметтік, еңбек, тұрғын үй және алаяқтық мәселелер бойынша кеңес берді.

    Аталған іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда «Заң және тәртіп» қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары