
Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Аслан Әбдікәрімовтың төрағалығымен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мақсатында жиын өтті.
Жиын барысында Аппарат басшысы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық келбетін сақтау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, әрбір қызметкердің заң талаптарын мүлтіксіз сақтауы, қоғам сеніміне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі, мемлекеттік қызметте ашықтық пен жариялылық қағидаттарын нығайтуы, азаматтардың өтініштерімен жұмыс барысында әділдік пен жауапкершілікті басшылыққа алуы қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Жиын аясында ұжым арасында құқықтық мәдениетті арттыру, қызметтік тәртіпті күшейту және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарын қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.









