Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

    ·
    Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

    Алматы облыстық мәслихатының дін, тілдер, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері бойынша және индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнес пен туризм бағыттары бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

    Жиында өңірдегі индустриялық аймақтарды дамыту, инвесторлар мен кәсіпкерлерді қолдау мәселелері қарастырылды.

    Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында атқарылған іс-шаралардың нәтижелері талқыланды.

    Бұдан бөлек, атауы жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктерді ретке келтіру, тілдерді оқыту жүйесінде қолданылып жатқан өнімдер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану тәжірибесі сөз болды.

    Сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастар саясаты аясындағы жұмыстар, жастар шоғырланған аумақтарды заманауи инфрақұрылыммен қамту нәтижелері қаралды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары