Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

    «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің толықтыру енгізу туралы бұйрығының Жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынын талаптарына сәйкес әзірленген.

    «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ жаңа Заңы шеңберінде. (бұдан әрі - жаңа Заң) бұйрықта тәуекелдер бейіндерін өзектендіру, сондай-ақ камералдық бақылау рәсімдерінің кешіктірілуіне жол бермеу бөлігінде камералдық бақылауды жүргізу қағидаларын жаңа Заңмен сәйкестендіру көзделеді.

    Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

    Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында ( http://legalacts.egov.kz) занында – 2024 жылдың 31 шілде орналыстырылды.

    Бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылдың
    14 тамызға дейін.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" жаңалықтары