
2021 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының алаңында Дүниежүзілік банк пен Pempal қауымдастығының кеңесшілері – А.Ватянмен, Д.Г.Аксентимен және Армения Республикасынан ішкі аудитор Г.Арамянмен, сондай-ақ Ernst Young қауымдастырылған әріптесі – «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті дайындау бойынша консультация беру практикасының жетекшісі А.О.Казеновамен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мемлекеттік аудит» кафедрасының меңгерушісі, экономикалық ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор Л.З.Бейсеновамен бірлесіп «Қазақстандағы мемлекеттік аудитті жетілдіру және PEMPAL Ішкі аудит қоғамдастығымен тәжірибе алмасу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Бұл семинарға 85-тен астам мемлекеттік аудитор офлайн режимде және 69 онлайн режимде қатысты.
Семинар модераторы Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Е.Т.Мыңжасаров семинардың негізгі мақсаттарын атап өтті.
Құттықтау сөзімен Есеп комитеті Аппаратының басшысы К.Ф.Плотников, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры А.Т.Бектұрова, PEMPAL бағдарламасыныңжетекшісі,ІАҚкөшбасшысы (Дүниежүзілік банк) Ватян Арман, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Қ. Әбіл сөз сөйледі.
А.Т.Бектұрова жүргізіліп жатқан нормашығармашылықжұмыстары, аудит, бухгалтерлік есеп және бағалау саласындағы халықаралық қызмет туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі мемлекеттік аудит қызметтерінің жекелеген басшыларын мемлекеттік аудит саласындағы нормашығармашылыққабелсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Л.З.Бейсенова мемлекеттік аудит саласындағы кадрларды даярлаудың үш кезеңдік моделі туралы айтты.
Халықаралық сарапшылар ішкі аудит қызметтерінің ішкі аудиторлары менPEMPAL-ға мүше елдер арасындағы тәжірибе алмасу бойынша виртуалды іс-шараларының маңыздылығын атап өтті.
Семинарға қатысушыларға ішкі аудиторлардың консультациялық қызметтерін көрсету бойынша ұсынымдар ұсынылды, 41 «Қаржы құралдары» ҚС ҚЕХС қолдану мәселелері қаралды, мемлекеттік аудит саласында кадрларды даярлау және ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудиторлары үшін қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін қолдану мәселелері талқыланды.








