
Алматы облыстық мәслихат депутаттары жаңа жыл мерекесі қарсаңында бірқатар әлеуметтік мекемелерге барып, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Атап айтқанда, Қонаев қаласындағы облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығына, Іле ауданы Жауғашты ауылында орналасқан әйелдер колониясы жанындағы балалар үйіне, Талғар қаласындағы «АЯЛА» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына және Шелек ауылындағы «Шелек ауылдық балалар үйі» мекемесіне арнайы барып, бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтады.
Мерекелік іс-шарада депутаттар балаларға жылы лебізін білдіріп, жаңа жылдық қуаныш сыйлау мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында балалар белсенділік танытып, түрлі ойындарға қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеген бүлдіршіндердің жүзіндегі шаттық пен қуаныш мерекелік атмосфераны айшықтай түсті.
Алматы облыстық мәслихат депутаттары атынан балаларға әртүрлі дамытушы ойыншықтар мен сыйлықтар табысталды.
Әрбір бала, әрбір жас өскін – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Олар – еліміздің болашағы, жарқын ертеңі. Сондықтан балалардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету, жарқын болашағына жол ашу – қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осындай игі шаралар мейірімділік пен жанашырлықты арттырып, қоғамды жақсылыққа жетелейді.









