
Алдымен Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде:
- Алматы облысының 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы.
- Алматы облысының 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы.
- Алматы облысының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы.
- Қонаев қаласындағы кәріздік суларды тазарту құрылыстары жөніндегі МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерге өзгерістер енгізу туралы.
- Алматы облысының жол және қоғамдық қауіпсіздік зияткерлік жүйесі жүйесі арқылы тіркелген деректерді ұсыну қызметі МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерге өзгерістер енгізу туралы.
- Алматы облысындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі н ұйымдастыру және пайдалану арқылы жаппай балалалр спорт түрлерін дамыту МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерге өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер сессияның қарауына енгізілді.
Содан кейін Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Отырыста ауызсудың құнын субсидиялау тетігі талқыланып, жаңартылған Су кодексіне сәйкес тұрғындар тұтынатын ауызсудың 1 текше метрі үшін төлем мөлшерін 107 теңге деңгейінде белгілеу ұсынылды. Бұл қолдау шарасы Алматы облысындағы 5 елдімекенді қамтып, халықтың тарифтік жүктемесін азайтуға бағытталды.
Сессияда «Алматы облысының 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді. Республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің өзгеруі мен кірістердің артығымен орындалуына байланысты бюджет нақтылады. Нәтижесінде игерілмей қалу қаупі бар қаражаттар қайта қаралып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар бағыттарға қажетті қаражат қайта бөлінді.
Сонымен қатар 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді. Үш жылдық шығыстардың жалпы көлемі 2,7 трлн теңгені құрап, оның басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды. Білім беру нысандарын жөндеу, «Келешек мектептері» жобасы, медицина саласын дамыту, мәдениет пен спорт инфрақұрылымын жаңғырту негізгі басымдық ретінде айқындалды.
Сессия барысында 2026–2030 жылдарға арналған облыстың даму жоспары таныстырылып, өңірлік өнімнің жыл сайынғы өсімін 4,5–5,2% деңгейінде қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және инвестиция көлемін ұлғайту міндеттері қойылды. Құны 6,3 трлн теңгені құрайтын 216 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды.
Жиын қорытындысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қабылданған шешімдер өңірдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатынын атап өтіп, депутаттарға атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірді.









