Тәуелсіздік күні құтты болсын!

    Тәуелсіздік күні құтты болсын!

    Құрметті Алматы облысының тұрғындары!


    Сіздерді Қазақстан Республикасының ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлық арман-аңсарының орындалуы, ел бірлігі мен мемлекетіміздің баянды болашағының берік негізі. Егемен ел ретінде біз осы жылдар ішінде толайым табыстарға жетіп, әлеуметтік-экономикалық дамудың даңғыл жолына түстік.

    Алматы облысы – ел дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан, еңбекқор халқы мен жасампаз бастамалары арқылы ерекшеленетін өңір. Бүгінгі жетістіктеріміз – бірлік пен татулықтың, ортақ мақсат жолындағы қажырлы еңбектің жемісі.

    Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі, болашағымыз баянды болсын!

    Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

    Құрметпен,
    Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қ. Байғоджаев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының мәслихат аппараты" жаңалықтары