
Алматы облыстық мәслихатының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша», «Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша» және «Индустриялық-инновациялық даму, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті, туризм мен спортты қолдау мәселелері бойынша» тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі мәселелер күн тәртібіне шығарылып, жан-жақты қаралды:
- Алматы облысының аумағында салынып жатқан инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын бақылау және қадағалау жұмыстарының қорытындылары туралы;
- Алматы облысы Жамбыл ауданы аумағында екінші атом электр станциясының құрылыс орнын келісу туралы;
- Жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп және 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы (Денсаулық сақтау басқармасы, Білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Құрылыс басқармасы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы, Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы);
- Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы;
- Облыстағы кітапханалар мен музейлердің қызметі туралы;
- Мектептердегі балалар арасындағы буллингтің алдын алу бойынша психолог мамандардың атқарып жатқан жұмыстары туралы;
- «Атамекен» Алматы облысы кәсіпкерлер палатасымен өңірдің іскерлік және инвестициялық ахуалын жақсарту, кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.









