Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданының халқымен кездесті

    ·
    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданының халқымен кездесті

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданы тұрғындарымен кездесті

    29 қазан күні Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Балқаш ауданында болды.

    Сапар барысында ол әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында өзекті мәселелер мен ұсыныстар қаралды.

    Сапар барысында келесі нысандарға барылды:

    1. Ақдала ауылында облыс әкімі тұрғындар мен шаруашылық өкілдерімен кездесті.

    2. «Бауыржан 7» шаруа қожалығында күріш ору жұмыстарының барысымен танысты.

    3. ТОО «СЭМиКо» мал бордақылау алаңы мен мал союға арналған жаңа нысанды аралады.

    4. Бақанас ауылында тұрғын үйлердің құрылысын және Алтынсарин көшесінің жағдайын назарға алды.

    5. Миялы ауылындағы Қарағаш орта мектебінің капиталды жөндеуімен танысты.

    Сапар барысында өңір басшысы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту және әлеуметтік нысандардың сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары