
Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді еліміздің тарихындағы аса мәнді мерекелердің бірі – 25 қазан, Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халқымыздың азаттық пен тәуелсіздікке ұмтылысының, елдіктің, еркіндік пен ел бірлігінің жарқын символы. Республика күні – ұлт ретінде қалыптасу жолындағы маңызды белесімізді еске салып, әрқайсымыздың бойымызда елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін ұялататын ұлық мереке.
Бүгінгі таңда еліміз саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан жаңарып, жаңа дәуірге нық қадам басуда. Бұл жетістіктердің барлығы – халқымыздың бірлігі мен татулығының, ел дамуына сіңірген адал еңбегінің нәтижесі.
Осы жарқын мереке күні баршаңызға зор денсаулық, береке мен молшылық тілеймін!
Әр шаңырақта бейбіт өмір орнап, бірлігіміз бен татулығымыз нығая берсін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!
Ізгі тілекпен,
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы
Қ.Байғоджаев









