"Таза Қазақстан": Қонаевта көгалдандыру акциясы өтті!

    ·
    "Таза Қазақстан": Қонаевта көгалдандыру акциясы өтті!

    Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

    Игі іске облыс әкімі М.Сұлтанғазиев, облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаттары Н.Түймелиев пен А.Заирова, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, жастар, еріктілер және қала тұрғындары белсене атсалысты.

    Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өңірдің көгалдандыру ісін жандандырып, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары