Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 36-сессиясы туралы

    ·
    Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 36-сессиясы туралы

    VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың

    кезекті 36-сессиясы туралы

    Хабарландыру:

    VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 36-сессиясы 2026 жылдың 21 шілдесінде сағ. 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында өтеді (Абылайхан даңғылы, №122, 2-қабат).

    Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

    1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауының есебі туралы.

    А.Башимбаев - Үржар ауданының әкімі

    1. Аудан көлемінде Қазақстан Республикасының салық кодексі талаптарына сәйкес салық және бюджетке міндетті төлемдердің орындалуының барысы туралы

    М.Казбекова - Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы

    1. Үржар ауданында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы туралы

    Л.Дуйсенова - Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    1. Ауыл шаруашылығы, еңбек, сауданы дамыту, өндіріс, кәсіпкерлік, коммуналдық-тұрмыстық қызметтер, байланыс және экология жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы

    А.Абайбеков - тұрақты комиссия төрағасы.

    1. Әр түрлі мәселелер.

    Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 8.30-да басталады.

    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сағат 9.00-де өткізіледі.

    Үржар аудандық

    мәслихатының төрағасы А.Омаров

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары