Анонс

    Анонс

    2026 жылғы 15-17 шілде аралығында Қостанай қаласындағы «Затоболец» стадионының базасында ерлер мен әйелдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кубогына арналған IX турнир өтеді.

    Жарысқа 2025 жылғы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттарының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен еліміздің ең мықты командалары – 12 ерлер және 10 әйелдер командасы қатысады.

    Спортшылар үш дисциплина бойынша сынға түседі: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағынан өту және 4×100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы.

    Барлық қатысушыларға сәтті бастамалар, жоғары спорттық нәтижелер, әділ бәсеке және жарқын жеңістер тілейміз!

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары