Мектептердің жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу туралы

    Мектептердің жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу туралы
    Батыс Қазақстан облысында орта білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізудің екінші кезеңі басталды.
    Мониторингтің екінші кезеңі білім беру ұйымдарына барып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының нақты жағдайын зерделеу арқылы жүзеге асырылуда.
    Екінші кезең аясында облыстың 19 мектебін қамту жоспарланған. Қазіргі таңда Департамент қызметкерлері 9 орта білім беру ұйымына мониторинг жүргізді.
    Мониторинг барысында білім беру ұйымдарындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, ғимараттардың санитариялық жағдайы, үй-жайларды тазалау, сырлау және әктеу жұмыстары, жылыту, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің дайындығы, асхана мен тамақтандыру блогының жай-күйі, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, сондай-ақ білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған басқа да дайындық шаралары қарастырылуда.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары