
“Ақ желкен” тұрғын массиві, “Солдат” теңіз жағалауында тұрғындар мен қала қонақтарының емін-еркін демалуына қолайсыздықтар туындауына байланысты, Ақтау қалалық полиция басқармасы мен бірлесіп жағажайда заңсыз орналасқан палаткаларды жою мақсатында, рейдтік іс-шара өткізілді.
Нәтижесінде жағалау аумағынан 30-ға жуық заңсыз орналасқан палаткалар алынып, олардың иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Осы орайда, кәсіпкерлерден тұрғындар мен қала қонақтарының жағалауда еркін демалуына кедергі келтірмеуді, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналыспауды сұраймыз.









