Балқашта алғаш рет жүрек қан тамырларына жоғары технологиялық операциялар жасала бастады

    Балқашта алғаш рет жүрек қан тамырларына жоғары технологиялық операциялар жасала бастады

    Балқаш тұрғындары үшін жоғары технологиялық кардиологиялық көмек қолжетімді бола түсті. Көпбейінді ауруханада рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесі ашылды.

    Балқашта алғаш рет жүрек қан тамырларына жоғары технологиялық операциялар жасала бастады

    Енді балқаштықтар жүрек-қан тамырлары ауруларын заманауи әдістермен емдету үшін Қарағандыға немесе өзге де ірі медициналық орталықтарға бармай-ақ, қажетті көмекті өз қаласында ала алады. Бұл мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізілген клиниканы жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде мүмкін болды. Жаңа бөлімше қазірдің өзінде пациенттерді қабылдауда: небәрі үш күннің ішінде дәрігерлер 20-дан астам операция жасады.

    Балқашта алғаш рет жүрек қан тамырларына жоғары технологиялық операциялар жасала бастады

    Алғашқы пациенттердің бірі бұған дейін аортокоронарлық шунттау операциясынан өткен ер адам болса, екіншісі – жедел коронарлық синдроммен шұғыл жеткізілген 78 жастағы әйел. Бөлімше меңгерушісі Алмас Қалымовтың айтуынша, ер адамға қан тамырлары мен бұрын орнатылған шунттардың жағдайын бағалау үшін бақылау коронарографиясы жасалды. Ал екінші пациентті тексеруі барысында коронарлық артерияның едәуір тарылғаны анықталды. Дәрігерлер дереу баллондық ангиопластика мен стенттеу операциясын жүргізді. Екі процедура да сәтті өтті.

    Балқашта алғаш рет жүрек қан тамырларына жоғары технологиялық операциялар жасала бастады

    — Біз қазір шұғыл науқастармен қатар жоспарлы пациенттерді де қабылдай бастадық. 7 шілдеден бері үш күн ішінде 20-дан астам операция жасалды, бүгін тағы алты операция жоспарланған. Барлық медициналық көмек МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Бөлімше штаттық режимде жұмыс істеп тұр, — деді Балқаш көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Дәулет Тастамбеков.

    Балқашта алғаш рет жүрек қан тамырларына жоғары технологиялық операциялар жасала бастады

    Оның айтуынша, бөлімше қажетті мамандармен толық қамтамасыз етілген. Балқашқа жұмыс істеуге Қазақстанның өзге қалаларынан екі маман келіп, оларға қызметтік тұрғын үй берілген.

    Балқашта алғаш рет жүрек қан тамырларына жоғары технологиялық операциялар жасала бастады

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары