ІІМ интернет-есірткі дүкенінің "қоймасын" әшкереледі

    ІІМ интернет-есірткі дүкенінің "қоймасын" әшкереледі

    Ішкі істер министрлігі есірткі құралдарын жеткізудің және өткізудің арналарын анықтау мен жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

    - "Қарасора - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Астана қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің "қоймасы" қызметін атқарған.

    Тінту барысында, сондай-ақ бұрын жабдықталған жасырын орындарды тексеру кезінде орау материалдары, zip-lock пакеттері және төрт килограмнан астам синтетикалық есірткілер - α-PVP мен мефедрон тәркіленді.

    Бұл елорда аумағында таралуына жол берілмеген 12 мыңнан астам бір реттік доза. Заңсыз айналымнан алынған әрбір есірткі партиясы - алдын алынған қылмыстар, аман сақталған адамдардың өмірі.

    Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Ішкі істер министрлігі есірткіні жеткізу, сақтау және тарату арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары