
Tort Tulik Mobile – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған мобильді қосымша. Қосымша арқылы:
- тіркелген жануарлар туралы ақпаратты көруге;
- төлді тіркеуге;
- ветеринариялық паспортты алуға;
- жануар туралы мәліметтерге өзгерістер енгізуге;
- жоғалған жағдайда сырғаны (бирканы) ауыстыруға;
- жануарды есептен шығаруға;
- ветеринариялық іс-шаралар туралы хабарламалар алуға болады.









