«XXI ғасырдағы отбасы: дәстүрлер және цифрлық шынайылық. Кибербуллингтің алдын алу»

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «XXI ғасырдағы отбасы: дәстүрлер және цифрлық шынайылық. Кибербуллингтің алдын алу»

    ​

    ​Бүгін, 16 қыркүйек 2026 жылы, Обаған жалпы білім беретін мектебінде ата-аналар мен педагогтарға арналған өте маңызды әрі өзекті семинар өтті.

    ​Семинарды Қостанай облысы Психологтар ассоциациясының эксперті, жоғары санатты педагог-психолог Махмутова Амина Габдрахмановна жүргізді.

    ​💡 Кездесу барысында қозғалған негізгі мәселелер:

    ​• Z және Альфа ұрпақтарының ерекшеліктері: Балалардың ойлау жүйесі, технологияға көзқарасы мен цифрлық әлемдегі мінез-құлқы.

    ​• Дәстүрлі тәрбие мен цифрлық заман: Баланың онлайн өмірі мен отбасылық құндылықтар арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтау керек?

    ​• Кибербуллингтің алдын алу: Балаларды интернеттегі агрессиядан, қорлаудан қорғаудың нақты практик-құралдары мен кеңестері.

    ​Семинар қатысушылары өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құнды мәліметтермен бөлісті.

    ​Амина Габдрахмановнаға мазмұнды әрі пайдалы семинар үшін алғысымызды білдіреміз! 🤝✨

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары