ТҮРКІСТАН: ПЕДАГОГ–ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

    ТҮРКІСТАН: ПЕДАГОГ–ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
    Түркістан қаласында «WeGlobal Kazakhstan» ЖШС тарапынан «Otbasy Academy» онлайн отбасы академиясының негізін қалаушы, педагог-психолог Ержан Мырзабаевтың қатысуымен педагог-психологтарға арналған семинар өтті. Іс-шара барысында « WeGlobal.AI » платформасының жаңартылған мүмкіндіктері таныстырылды.
    Семинарға Түркістан облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Мөлдір Зайнуллақызы, орталық мамандары, сондай-ақ педагог-психологтар қатысты.
    Кездесу барысында мамандардың жұмыс сапасын арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктер мен заманауи тәсілдер түсіндірілді.
    Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай кездесулер педагог-психологтардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге және заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары