Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы9 шілде күні Департамент бөлімінің басшысы М. Мырзаш Орал қаласының ювеналдық полициясымен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың еңбек шартын жасаспай жұмыс істеу фактілерін анықтау мақсатында қарбыз сатылатын орындарда рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында балаларды заңсыз еңбекке тарту фактілері анықталды. Аталған фактілер бойынша ювеналдық полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинап, тиісті шаралар қабылдау үшін Департаментке жолдайтын болады.









