«Таза Қазақстан»

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Баянды ауылында тұрғын үй аумақтары мен кәсіпкерлік нысандарының санитарлық тазалығы бойынша кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді.

    Тексеру барысында аумақтарының тазалығын тиісті деңгейде сақтамаған тұрғындар мен кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

    🟢 Құрметті ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер! Өздеріңізге тиесілі аумақтардың тазалығын сақтап, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз. Таза ауыл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!

    ⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Баянды ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары