Өткен бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағы пайдаланылды.
Оның ішінде ең көп қаражат 2021 жылы алынды – шамамен 2,6 трлн теңге. 2022-2023 жылдары үрдіс төмендегенімен, соңғы жылдары жинақтарды алу көлемі қайта артып, 2025 жылы 1 трлн теңгеден асты.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету, «мақсатымыз – бүкіл жинақты қазір үлестіріп, азаматтарды қарттық шағында лайықты зейнетақысыз қалдыру емес» екенін қадап айтқан болатын.
Осы жылдары алынған қаражат көлемі азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты тікелей міндетті шешуге бағытталған сомадан айтарлықтай асып түсті. Тіпті Қордан алынған қаражат көлемі кейбір жылдары түскен жарналардан да асып кетті.
Сондай-ақ жинақтарды шығару олардан алынбай қалған инвестициялық кірістің өсуіне әкеп соғады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл зейнеткерлік жастағы жинақтардың айтарлықтай азаюына себеп болады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда салымшылардың зейнетақы жинақтарындағы жинақталған инвестициялық кірістің үлесі өсіп келеді және қазір шамамен 40%-ды құрайды, ал халықаралық тәжірибеде бұл көрсеткіш әдетте 80%-дан асады.
Дамыған елдерде зейнетақы активтері инвестиция көзі және экономиканың тұрақты өсімінің негізі болып саналады. Озық елдерде жинақталған зейнетақы активтері ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 100%-ынан асады, ал Қазақстанда қазір зейнетақы активтері әлі де ІЖӨ-нің шамамен 16%-ын ғана құрап отыр.
Әлемде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты міндеті – болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету. Сол себепті азаматтардың болашақ зейнетақысының лайықты болуы үшін зейнетақы жинақтарын сақтау және оларды Қазақстандағы және халықаралық нарықтардағы ұзақ мерзімді инвестициялау есебінен одан ары арттыру маңызды.
Өткен бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағы пайдаланылды.
Ұқсас материалдар

Манамада Қазақстан мен Бахрейн арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өтті
Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Бас консулдығы, МанамаАшу
Қазақстан Елшісі Бахрейн Короліне сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Бас консулдығы, МанамаАшу
Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 229-шы ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАшу
Ақтөбеде жастарға арналған «Aqtobe Camp – 2026» облыстық жобасы өтті
Ашу
Алматыда жаңа ведомствоның жұмысы мен алдағы жоспарлары таныстырылды
Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
"Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары
Құрылтай сайлауы: өңірлер сайлауалды науқанның негізгі алаңына айналуда
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуАлаяқтардан сақ болыңыз!
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуСудағы қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі!
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуҚұрылтай сайлауы жақындаған сайын Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық кеңістікте дәйексіз ақпаратты әзірлеу мен тарату әрекеттерінің жиілегенін тіркеп отыр.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу