Ұлы Даланың жан дүниесі Скопье жүрегінде жаңғырады!

    Ұлы Даланың жан дүниесі Скопье жүрегінде жаңғырады!

    Құрметті достар!

    Беделді 47-ші «Скопье жазы» фестивалі аясында Қазақстанның бай мәдени мұрасына арналған айтулы концерт өтеді.

    🗓17 шілде сағат 20:30-да қазақ күйлерінің асқақ әуендері мен дала билерінің қызғын ырғағы бір сахнада түйіседі. Сіздерді аңызға айналған «Ayala» би тобы мен шебер «Tarlans» музыкалық ұжымының қатысуымен өтетін керемет шоу күтіп тұр.

    «Ұлы Дала дыбыстары» — бұл ғасырлар дауысы, домбыра тілінде әнге айналған және бидің көркем қимылдарында мәңгі сақталған сыр.

    📌 Қайда: Франкофония саябағы, Скопье
    🕣 Қашан: 17 шілде, сағат 20:30-да басталады

    Іс-шара Қарағанды қаласы әкімдігінің, Солтүстік Македония филармониясының және Қазақстан Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

    Сіздерді күтеміз!

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары