Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні.

    ·
    Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні.

    Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні – азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі олардың өндірілуінен бастап тұтынушының дастарханына дейінгі барлық кезеңде қамтамасыз етілетінін тағы бір мәрте еске салатын маңызды күн.

    Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, өндірістік бақылауды жүргізу, зертханалық зерттеулер, өнімді сақтау мен өткізудің тиісті шарттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ азық-түлік тізбегінің әрбір қатысушысының жауапкершілігі қауіпсіз азық-түлік өнімдерінің өндірілуі мен айналымының негізі болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өндірушілердің, зертхана мамандарының, сауда саласы қызметкерлерінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының және тұтынушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.

    Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халық денсаулығын сақтауға күн сайын өз үлесін қосып жүрген барша азаматтарды құттықтайды.

    Қауіпсіз азық-түлік өнімдері – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз бен күнделікті еңбегіміздің нәтижесі!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары