Жаңаөзенде «Бақытсыз Жамал» романы пластикалық трагедия ретінде сахналанады

    ·

    Жаңаөзенде «Бақытсыз Жамал» романы пластикалық трагедия ретінде сахналанады

    Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінде театр өнерінің жаңа форматындағы премьера күтілуде. 14 шілде күні сағат 20:00-де «Keıipker» студиясы Міржақып Дулатұлының классикалық туындысы «Бақытсыз Жамал» романын пластикалық трагедия ретінде көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

    Қазақ әдебиетінің алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Бақытсыз Жамал» романы – өз заманындағы қоғамдық теңсіздік пен әйел теңдігі мәселесін көтерген туынды. Дегенмен, бұл жолғы қойылым классикалық драмадан мүлдем өзгеше болмақ. Режиссерлік шешім бойынша, шығармадағы негізгі идеялар сөзбен емес, дене пластикасы, қимыл-қозғалыс және хореографиялық шешімдер арқылы жеткізіледі.

    - «Keıipker» студиясының ұжымы спектакль барысында Жамал кейіпкерінің жан дүниесіндегі арпалысты, сүйгеніне қосыла алмаған қыздың мұңын және еркіндікке деген ұмтылысын пластикалық өнер тілінде сөйлетуді көздеп отыр. Біз бұл туындыны жаңаша форматта интерпретациялау арқылы жастарға классиканы заманауи тілде ұғындырғымыз келеді. Пластикалық трагедия – көрерменнің қиялына ерік беріп, сезімнің терең иірімдерін сезінуге мүмкіндік беретін ерекше жанр», – деді “Өнер”МКҚК директоры Өркен Туебаев.

    Айта кетейік, қойылымға билеттерді «Мұнайшы» МҮ-нің кассасынан алуға болады. Билет құны – 2000 тг.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары